Саясат

Жээнбеков Тоқаевқа Қытайдан қырғыздарды әкелуге көмектескені үшін алғыс айтты

© Photo : официальны сайт президента Кыргызстана \ DOSALIEV SULTANПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и президент Кыргызстана Сооронбай Жээнбеков
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и президент Кыргызстана Сооронбай Жээнбеков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастардың қазіргі ахуалын және оны одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Қазақстан президентінің 2019 жылғы қарашада Қырғыз Республикасына жасаған мемлекеттік сапары қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру қажеттігі айтылды.

"Тараптар кеден бекеттеріндегі жүк тасымалы рәсімдерін жеңілдету мақсатында цифрлық технология саласы бойынша ықпалдастық орнату мәселесін қарастырды", - делінген ақпаратта.

Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Ухань (ҚХР) қаласынан қырғыз азаматтарын эвакуациялауға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.  

Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз тарапы бастамашы болды.

Қытайда қауіпті вирус таралды

Қытай билігі 2019 жылдың 31 желтоқсанында Ухань қаласында белгісіз пневмонияның таралғаны туралы хабарлады. Мамандар ауру 2019-nCoV коронавирусынан пайда болғанын анықтады.

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 17,2 мың адамнан асты, 361 науқас қаза тапты. Тағы шамамен 150 азамат Қытайдан тыс жерде ауырып қалды, олардың біреуі көз жұмды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індеттің таралуын халықаралық маңызды төтенше жағдай деп жариялады.

Қазақстан арнайы әуе рейсімен 83 қазақстандық пен 24 шетелдікті елге жеткізді. 18 Қырғызстан азаматы арнайы ұшақпен Бішкекке жөнелтілді, Армения мен Беларусь азаматтары карантин аяқталғанша 2 апта Қазақстанда болады. 

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары жоқ. Республика Қытаймен әуе және теміржол қатынасын уақытша тоқтатты. 

Жаңалықтар
0