НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Қазгидромет мамандары 4-6 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстанға жылжып келе жатқан оңтүстік циклон мен атмосфералық фронт салдарынан республиканың көптеген облысында ауа райы жауын-шашынды болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауып, бұрқасындатып, көктайғақ болады.
"Жылы ауа массалары ауа температурасының оңтүстік пен батыста айтарлықтай жоғарылауын тудырды, ал алдағы тәуліктерде температура Қазақстанның қалған аймақтарында да көтеріле бастайды. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күндізгі температура минус 5…плюс 5°С дейін, оңтүстік және батыста плюс 3…8°С, қиыр оңтүстікте плюс 15°С дейін болжанып отыр. Бұл орташа көпжылдық мәннен 5…14°С-қа жоғары", - делінген мәліметте.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтан
4-ші ақпанда түнде минус 8, күндіз минус 3 градус. Аздап қар жауады.
5-ші ақпанда түнде минус 4, күндіз плюс 1 градус. Бұл күні де аздап қар жауады.
6-шы ақпанда түнде минус 7, күндіз 0 градус. Аздап қар жауады.
Алматы
4-ші ақпанда түнде 0, күндіз плюс 2 градус. Қар аралас жаңбыр жауады.
5-ші ақпанда түнде минус 2, күндіз плюс 3 градус. Күн ашық болады.
6-шы ақпанда түнде плюс 2, күндіз плюс 6 градус. Күн ашық.
Шымкент
4-ші ақпанда түнде плюс 1, күндіз плюс 8 градус. Аздап жаңбыр жауады.
5-ші ақпанда түнде минус 1, күндіз плюс 14 градус. Күн ашық болады.
6-шы ақпанда түнде плюс 2, күндіз плюс 11 градус. Күн ашық.