Қоғам

"Көкшетауда тұратынын сеземін": Бішкек тұрғыны туған анасын іздеп жүр

CC0 / pixabay.com / Девочка смотрит на закат, иллюстративное фото
Девочка смотрит на закат, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осыдан отыз жыл бұрын қызды туған анасы Сарышаған кентінің перзентханасында тастап кеткен екен

НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Бішкек тұрғыны туған анасын іздеп жүр, деп хабарлайды Kokshetau Asia ақпарат агенттігі.

Сәуле Садыбақасова өз хатын "Көкшетау Азия" редакциясына әдейі жолдапты. Осыдан отыз жыл бұрын оны туған анасы Сарышаған кентінің перзентханасында тастап кеткен екен. Анасы Көкшетау қаласының тұрғыны болуы әбден мүмкін.

"Сәлеметсіз бе, менің атым – Сәуле. Өзім Бішкектен боламын. Анамды табуға жәрдемдесуіңізді сұраймын. Мен 1998 жылы мамыр айында Қарағанды облысының Сарышаған перзентханасында дүниеге келгенмін. Анам ол жерде тұрмаған, босанғаннан кейін Көкшетау қаласына кетіп қалған. Ал мені асырып алған", - деп жазды Сәуле.

Ол өз хатында басқа отбасының асырауына ауысқанға дейін фамилиясы Балғожина болғанын да жазыпты.

"Анам осы хатымды көре ме, жоқ па, білмеймін. Бірақ онымен кездесеміз деген үмітім бар. Мені асырап алған әке-шешем анамның өз баласын тастап кеткісі келмегенін айтты. Бірақ апасы көндіріпті. Себебін ешкім білмейді. Осы хатпен бірге өзімнің бала кезімдегі фотосуретімді қоса жіберіп отырмын. Анам соны көріп, жауап береді деп сенемін. Мен оның Көкшетауда тұратынын сеземін. Өкінішке қарай, аты-жөнін және жасын білмеймін", - дейді Сәуле Садыбақасова.

Жаңалықтар
0