НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан — Sputnik. Астаналық "Снежные барсы" хоккей клубының ойыншысы Вилен Прокофьев көз жұмды. Бұл туралы клубтың Twitter-дегі ресми аккаунтында жарияланды.
Бұған дейін 18 жастағы қақпашы Вилен Прокофьевте қатерлі ісік – Юинг саркомасы анықталған болатын. Оған өте қымбат емдеу қажет болған.
"Біз Виленнің жақындарына, достарына және оны таныған адамдарға көңіл айтамыз. Оны қолдағандарға алғыс білдіреміз", - деп жазды "Барыс" хоккей клубы.
"Барыс" хоккей клубы қараша айында қайырымдылық акция өткізіп, Вилен Прокофьевтің еміне қаражат жинаған болатын.