Саясат

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келді

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуАҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео үшін Қазақстан сапармен ұшып келген посткеңестік кеңістіктегі үшінші ел болып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео екі күндік сапармен Қазақстанға келді, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Помпео мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және тұңғыш президент, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп жоспарланған.

Сондай-ақ, мемлекеттік хатшы әріптесі, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөз өткізеді. Тараптар екіжақты және өңірлік ынтымақтастықты, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқыламақ.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қазақстанға жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні – 5 қаңтарда келуді жоспарлаған еді. Алайда АҚШ-тың Ирактағы елшілігінің алдындағы тәртіпсіздікке байланысты Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды.

© Photo : Пресс-служба МИД КазахстанаМайк Помпео Қазақстанға сапармен келді
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келді - Sputnik Қазақстан
Майк Помпео Қазақстанға сапармен келді

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Нұр-Сұлтанға Украина мен Беларуьстен ұшып келді. Қазақстанға сапарынан кейін ол Өзбекстанға баруды жоспарлап отыр.

Ташкентте 3 ақпанда Помпео Орталық Азияның бес елінің СІМ басшыларымен бірге "С5+1" форматында өзара іс-қимылды талқылайды.

АҚШ, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мұндай форматты 2015 жылдың қыркүйегінде өңірлік мәселелерді шешу үшін құрған болатын.

Жаңалықтар
0