Қоғам

Қазақстан Қытайдан 83 адамды эвакуациялады – барлығы карантинге алынды

© AP Photo / Erika KinetzВспышка коронавируса в Китае
Вспышка коронавируса в Китае - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елге оралған азаматтар елорданың көпбейінді ауруханасының жанындағы инфекцияға қарсы арнайы бөлінген корпуста 14 күндік карантинге жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Қытайдың Ухань қаласынан 83 қазақстандық, соның ішінде 80 студент елге оралды. Барлығы 14 күндік карантинге алынды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Отандастарды елге 2 ақпан күні денсаулық сақтау министрлігі ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы жеткізді. Ұшу кезінде азаматтармен бірге қазақстандық дәрігерлер де болды.

"Денсаулық жағдайы тексерілгеннен кейін, елге оралған азаматтар қаладан 7 шақырым жерде орналасқан елорданың көпбейінді ауруханасының жанындағы инфекцияға қарсы арнайы бөлінген корпуста 14 күндік карантинге жатқызылды", - деп хабарлады үкімет жанындағы Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Қазақстандықтар жеткізілген клиника инфекциялық қауіпсіздіктің қажетті технологияларымен, заманауи диагностикалық, емдік және реанимациялық құралдармен жабдықталған, тиісті медициналық қызметкерлері бар.

"Медициналық мекемеде эвакуацияланған азаматтар қосымша тексеруден, бірінші кезекте, коронавирус инфекциясына тестілеуден өтеді. Карантин кезеңі кезінде елге келген адамдармен тек аса қауіпті инфекциялармен жұмыс істеу тәжірибесі бар медициналық персонал ғана байланыста болады", - делінген хабарламада.

Эвакуацияланған адамдардың туған-туыстары мен жақындарына хабар берілді. Олар карантиндік кезеңнің регламентімен танысты.

Тағы оқыңыз: Министр коронавирусқа байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады

Сонымен қатар, мемлекет басшысының тапсырмасымен Қытайға 13,6 тонна көлемінде медициналық бұйымдар түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді.

Қырғызстан, Беларусь және Армения билігінің өтініші бойынша бұл елдердің де азаматтары Ухань қаласынан эвакуацияланды.

Барлық қажетті ақпаратты алу үшін тәулік бойы 1406 сall-орталығы жұмыс істейді.

Жаңалықтар
0