НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Ақпан айында орташа ауа температурасы нормадан бір градусқа жоғары болады деп болжануда.
Ақпанның басындағы ауа райы
Ақпан айының басында батыста, сосын республиканың қалған бөлігінде жауын-шашын түсіп, тұман басады, көктайғақ болады.
Ауа райы жағдайын атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайды, деп хабарлады Қазгидромет.
Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты
6-8 ақпан аралығында елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде қалың қар жауып, бұрқасындатады. Желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін жетуі мүмкін.
Синоптиктер Иран аймағынан жылы ауа массалары түсетінін атап өтті.
- батыста, солтүстік-батыста түнде -3-8 градустан 0-5 градусқа дейін аяз, кей жерлерде + 3 ° С, күндіз 0, -5 ° градустан 0, + 7 градусқа дейін жылы болады;
- солтүстікте, орталықта және шығыста түнде -20-28 градустан 0, -10 градусқа дейін, күндіз -8-15 градустан -3 + 2 градусқа дейін, кей жерлерде -6 ° С болады;
- оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 0, -8, кей жерлерде -13 градустан -3 + 2 градусқа дейін, күндіз + 2 + 7 ° градустан + 5 + 12 градусқа дейін жылынады.
Ақпанның екінші жартысындағы ауа райы
Ақпан айының бірінші онкүндігінің соңында ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр:
- солтүстікте түнде -10-20 градусқа дейін, күндіз -5-13 градусқа дейін;
- оңтүстікте түнде -3-13 градусқа дейін, күндіз 0, -7 градусқа дейін.
Айдың екінші және үшінші онкүндігінде циклондар мен антициклондар жиі алмасады. Ашық аязды күндер біршама жылы және жауын-шашынды күндерге ауысып отырады.
Ақпан айының орташа ауа температурасы республика аумағының басым бөлігінде нормадан бір градусқа жоғары, ал батыста климаттық мәнге жақын болады деп болжануда.
Қар көп жауады
Жауын-шашынның ай сайынғы мөлшері республиканың солтүстік-батыс жартысында, оңтүстікте, оңтүстік-шығыс және шығыста таулы, тау бөктеріндегі аймақтарда нормадан жоғары болады деп болжануда. Қалған аумақта нормаға жуықтайды.
Болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты түзетілуі мүмкін.