Мен майдангердің ұлы ретінде Жеңіс парадына қуана қатысамын – Тоқаев

© Sputnik / Владислав ВодневПрезидент Касым-Жомарт Токаев открыл расширенное заседание правительства
Президент Касым-Жомарт Токаев открыл расширенное заседание правительства - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Путиннің Жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа шақыруын қабыл алды

НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына қатысатынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты - Тоқаев

"Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің сәлемі мен ізгі тілектерін зор қуанышпен жеткізіп отырмын және осы мүмкіндікті пайдаланып, біз сізді 9 мамыр, Жеңіс күнінде Мәскеуде күтетінімізді тағы бір еске сала кетейін", - деді Мишустин Тоқаевқа келіссөздер барысында.

"Жеңістің 75 жылдығына келетін болсақ, әрине, дәл осы күні Мәскеуде, Қызыл алаңда болып, Жеңіс парадын көруге шақыруды қуана қабылдаймын. Бұл біздің ортақ мерекеміз, бұл шынымен де ұлы жеңіс. Мен майдангердің ұлы ретінде Ұлы Жеңіс күнін мерекелеуге үлкен мән беремін", - деді Тоқаев.

Ол Жеңіс күні қарсаңында Қазақстанда да парад ұйымдастырылатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, Тоқаев бүгін Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесу өткізді.

Президент Мишустинді Ресей министрлер кабинетінің басшысы қызметіне тағайындалуымен құттықтады.

Мишустин кездесу барысында Ресей мен Қазақстан бауырлас, одақтас елдер екенін атап өтті.

Жаңалықтар
0