НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар — Sputnik. Танымал голливуд актері Сильвестр Сталлоне өзінің Instagram парақшасында видеоүндеу жариялады. Видеода оның сақалы өсіп кеткен, шашы аппақ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Актер өзінің оқырмандарын "күресуді тоқтатпауға" шақырды. Белгілі "Рокки" фильмінде айтылған сөзді еске түсірді.
"Кейде мен таңертең оянып, еш нәрсе істегім келмейтінін сеземін. Алайда кейін өзіме ызаланып, әрекет ете бастаймын", — деп жазды Сталлоне.
Алайда желі қолданушылары актердің мұндай әлсіздігіне емес, ақ шашына таңғалды. Бірі шошыса, енді бірі образын жақсы қабылдады.
The Daily Mail 73 жастағы әртіс бұған дейін шашын үнемі қара түске бояғанын айтады.