Қоғам

Қазақстанда ертеңнен бастап қандай өзгеріс болады

© Sputnik / Владислав ВодневПешеходы
Пешеходы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1 ақпаннан бастап валюта айырбастау пункттері таңертеңгі тоғыздан кешкі сегізге дейін ғана жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның ұлттық банкі 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап ақша айырбастауға қатысты талапты күшейтпек. 

Валюта айырбастау пунктерінің жұмыс уақыты шектеледі. Енді олар таңғы тоғыздан кешкі сегізге дейін ғана жұмыс істейді. Дегенмен теміржол вокзалы, әуежай, ойынхана, шекарадағы өткізу бекеттерінің аумағында тәулік бойы ақша айырбастауға болады. 

"Бұл шара кешкі және түнгі уақытта қолма-қол шетел валютасын сату бағамын көтеру және халық арасында негізсіз дүрбелең тудыру фактілерін болдырмауға көмектеседі", - деп атап өтті Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің басшысы Жомарт Қажымұратов.

500 мың теңгеден (1323 доллар) астам валютаны айырбастау кезінде жеке басты куәландыратын құжат ұсынып, заңды мекен-жайды айту қажет. 

Оқи отырыңыз: Жеке куәлікте әке атын жазуға қатысты өзгеріс енгізілді

"Деректер жеңілдетілген түрде жазылады. Егер операция сомасы 500 мың теңгеге дейін болса, онда клиент тек қана жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады. Бұл әлемнің көптеген елінде қолданылатын халықаралық тәжірибе", - дейді Жомарт Қажымұратов.

Ол қазір бұл процесті автоматтандыруға болатынын атап өтті.

"Нарықта Қазақстан азаматының электронды жеке куәлігінің чипінен ақпаратты оқи алатын көптеген құрал бар. Мұндай жабдық пен бағдарламалық жасақтаманың құны 10-16 мың теңге аралығында", - деп түйіндеді Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің  басшысы. 

Әрбір айырбастау операциясы бойынша тізілімдер журналы жүргізіледі. Онда клиенттің аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, берілген күні, нөмірі, қолданылу мерзімі жазылады. 

Жаңалықтар
0