Өңірлер

Синоптиктер ақпан айының басында ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтанның көріністері
Нұр-Сұлтанның көріністері  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазгидромет 1-3 ақпан аралығындағы ауа райына болжам жасады, республикада күн жылынады деп күтілуде

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Ақпан айының басында республикада ауа температурасы жоғарылайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы тәуліктерде Қазақстанға оңтүстік-батыс тропосфералық ағындармен бірге атмосфералық ауа ағымдары ығысады.

"Циклон мол ылғал мен жылу әкеледі. Соның әсерінен республикада ауа температурасы жылдам жоғарылайды", - делінген хабарламада.

Демалыс күндері оңтүстік және оңтүстік-шығыста күндіз +3…13°С, ал дүйсенбіде солтүстік, орталық және шығыс облыстарда 0…-8°С күтіледі.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты

Сондай-ақ, оңтүстік пен батыста жаңбыр, жабысқақ қар, ал қалған аймақтарда қар жауады.

Ірі мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтан

  • 1 ақпанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -20°С, күндіз -11°С.
  • 2 ақпанда күн ашық, түнде -15°С, күндіз -10°С суық.
  • 3 ақпанда күн бұлыңғыр, аздаған қар жауады. Түнде -12°С, күндіз -3°С.

Алматы

  • 1 ақпанда күн ашық, түнде -8°С, күндіз +2°С.
  • 2 ақпанда күн ашық, түнде +2°С, күндіз +5°С.
  • 3 ақпанда күн ашық, түнде +2°С, күндіз +6°С жылы.

Шымкент

  • 1 ақпанда күн ашық, түнде -1°С, күндіз +10°С.
  • 2 ақпанда күн ашық, түнде -1°С, күндіз +13°С.
  • 3 ақпанда күн бұлыңғыр, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +3°С, күндіз +8°С.
Жаңалықтар
0