Қоғам

"ҰБТ-ға мүлдем кірмейді": білім министрі қандай өзгеріс болатынын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевСтарт ЕНТ 2019
Старт ЕНТ 2019 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Асхат Аймағамбетов мұндай тәртіп биыл ақылы ҰБТ-дан бастап енгізіліп отырғанын айтты. Соның арқасында сынаққа тыйым салынған заттарды алып келу көрсеткіші төмендеген

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұлттық бірыңғай тестілеу ережесіне қандай өзгеріс енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде ұялы телефон, шпаргалка және тағы басқа заттарды пайдалану фактілері бар. ҰБТ-ның алдында барлығын тексереді, тыйым салынған заттарын да алып қояды. Бірақ ешқандай шара қабылданбайды. Осыған байланысты биылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған ережеге өзгеріс енгізілді.

"Енді, былай болады. Егер сені металл іздегіштен өткізгенде ұялы телефон анықталса, ұлттық бірыңғай тестілеуге мүлдем кіргізбейді. Себебі алдағың келді, тәртіп бұзатыныңды біле тұра, алып келдің. Осының өзі емтиханға кіргізбеуге себеп бола алады", - деді Аймағамбетов сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде.

Оның сөзіне қарағанда, ондай тәртіп биыл ақылы ҰБТ-дан бастап енгізіліп отыр. Соның арқасында тыйым салынған заттарды алып келу көрсеткіші төмендеді. Бұған дейін ондай заттар тестке келген түлектердің 60 процентінде анықталса, биыл осы көрсеткіш бірден 5 процентке төмендеп кетті.

Тағы оқыңыз: Білім министрлігі жаңа ереже дайындап жатыр: кімдер ҰБТ-дан босатылады

"Енді, наурызда бір тест өтеді. Одан кейін маусым айындағы ұлттық бірыңғай тестілеу бар. Онда гранттар сарапқа салынады. Сол кезде қатаң бақылау болады. Мектеп түлегі тыйым салынған затпен келсе, мейлі, көшіріп үлгермесе де, біз тиісті акт толтырып, ондай адамды тест тапсыру залынан шығаратын боламыз", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Жаңалықтар
0