ТАЛДЫҚОРҒАН, 31 қаңтар — Sputnik. Талдықорғанда гуманитарлық колледждің үшінші курс студенті үшінші қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 қаңтарда қайғылы оқиға жайлы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кетті. Полиция бұл жайтты растап отыр. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
"Бұл факті Талдықорған полиция басқармасының сотқа дейінгі бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тергеу қылмыстық кодекстің 105-бабы 2-бөлімі (Өзін-өзі өлтіруге жеткізу) бойынша жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.
17 жастағы қыз гуманитарлық колледжде оқыған. Ол сабақ кезінде үшінші қабаттан секіріп кеткен. Ауруханаға жеткізілген бойжеткен есін жимастан көз жұмды.
"Қазір оқиға куәгерлерінен жауап алынып жатыр. Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", - деді полиция департаментіндегілер.
Тағы оқыңыз: Перзентханада әйел екі сәбиді терезеден лақтырып жіберді