АЛМАТЫ, 31 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин ЕАЭО елдеріндегі мемлекеттік сатып алуларды 2021 жылдың соңына дейін электронды форматқа көшіруді ұсынды.
"Мемлекеттік сатып алуды дамытудың басты мақсаттарының бірі осы салаға электронды цифрлық қолтаңба форматын енгізу. Тиімділікті арттыру мақсатында 2021 жылдың соңына дейін мемлекеттік сатып алуды толықтай электронды форматқа көшіруді ұсынамын", - деді ол Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында.
Сондай-ақ, премьер-министр ЕАЭО туралы келісімшартқа өзгеріс енгізу туралы бастама көтерді. Ол бәсекенің жалпы ережесін бұзғаны үшін бизнес шығынын өтеуге қатысты.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы
Алматыда жұма, 31 қаңтар күні Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өтті.
Тағы оқыңыз: ЕАЭО елдерінің премьер-министрлері келесі кездесу орнын белгіледі
Жиынға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің үкімет басшылары Асқар Мамин, Михаил Мишустин, Никол Пашинян, Сергей Румас, Мухаммедкалый Абылгазиев қатысты