НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар — Sputnik. Ресей Федерациясының басшысы Михаил Мишустин Алматығы ұшып келді.
Ресей премьер-министрінің сапарын "Sputnik Таяу шетел" Telegram-каналы жариялады. Видеода Михаил Мишустин Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен ұшақтан түсіп келе жатқан сәті түсірілген.
Ресей үкіметінің төрағасын премьер-министр Асқар Мамин бастаған қазақстандық делегация қарсы алды.
Алматыда 31 қаңтарда Еуразия үкіметаралық кеңесінің отырысы өтеді, оған ЕАЭО елдерінің премьер-министрлері қатысады.
Тағы оқыңыз: Ресей үкіметі отставкаға кетті
Отырыста ЕАЭО-ны дамыту, оның нормативтік-құқықтық базасын әрі қарай жетілдіру мәселелері талқыланады.
Еске сала кетсек, бұл Михаил Мшустиннің Ресей үкіметінің басшысы қызметіндегі алғашқы сапары.
Мишустин Ресей президентінің жарлығымен 16 қаңтарда премьер-министр болып тағайындалды.