Қоғам

"Ты супер!" балалар вокалдық конкурсына кастинг жарияланды

© Sputnik / Евгения НовоженинаСтартовал третий сезон конкурса "Ты супер!"
Стартовал третий сезон конкурса Ты супер!  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Халықаралық танымал байқауға ата-ана қамқорлығынсыз қалған вокалдық таланты бар балалар қатыса алады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. НТВ телеарнасы және Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған "Ты супер!" халықаралық вокалдық конкурсының төртінші маусымына кастинг басталғаны туралы хабарлады.

Жобаға балалар үйлерінде, асыраушылар және қамқоршылар жанұяларында тұратын, бұған қоса, күрделі отбасылық жағдай салдарынан мектеп-интернаттарда тұратын вокалдық таланты бар балғындар қатыса алады.

Тағы оқыңыз: Қызылордалық жұп "Ты супер! Танцы" сайысының жеңімпазы атануды армандайды

Байқаудың іріктеу принципі бұрынғыдай: ТМД елдері және Ресейдің барлық қалаларының мектеп-интернаттары мен балалар үйлерінің 7-18 жас аралығындағы тәрбиеленушілері, асыранды балалар "Ты супер!" жобасына қатыса алады.

Кастингке қатысу үшін Sputnik Қазақстан редакциясының a.sultanova@sputniknews.com электрондық мекенжайына келесілерді жіберу керек:

1. Кастинг қатысушысының өз-өзін таныстырған сәті түсірілген видео (аты-жөні, жасы, қаласы мен статусы: балалар үйі/интернат/асыраушылар отбасы/қамқоршылар жанұясында тұрам) және баланың өнерінің бірнеше жазбасы. Конкурстарда түсірілген таспаларды жіберуге болады.

2. Толтырылған өтінім.

Бірінші іріктеу турының нәтижесі 2020 жылдың көктемінде жарияланады.

"Ты супер!" балалар музыкалық халықаралық байқауының тұсаукесері 2017 жылдың 11 ақпанында НТВ-да өтті. Жоба алғашқы эфирлерден бастап ең танымал таланттар шоуының бірі атанды. "Ты супер!" екі жыл ішінде 174 жас жұлдызға өз вокалдық талантын ашып, кәсіби музыкалық карьерасында алғашқы қадамдарын жасауға көмектесті. Кейбір қатысушылар өз арманын орындап, ата-ана тапты.

"Ты супер!" жобасының кешегі қатысушылары – балалар арасындағы түрлі музыкалық, оның ішінде халықаралық конкурстардың қонақтары.

"Ты супер!" шоуы екінші маусымының жеңімпазы Диана Анкудинованың өнері 2018 жылы YouTube-тің ресейлік сегментінің ең танымал видеолар үштігіне кірді.

"Ты супер!" халықаралық байқауын НТВ телекомпаниясы және Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі мен радиосы Ресей Федерациясы ағарту министрлігінің қолдауымен өткізеді.

Жаңалықтар
0