НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар — Sputnik. Ресейлік миллиардер, "Альфа-групп" басшыларының бірі Михаил Фридманның ұлы жалдамалы пәтерде тұратынын айтты. Александр Фридман Мәскеудің шетінде айына 30 мың рубльге (180 мың теңгеден астам) пәтер жалдап, метромен жүреді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оның әкесі бар жиған-тергенін қайырымдылыққа беруді жоспарлап отыр.
"Мен әкемнің байлығы маған қалмайтынын біліп өстім", - деді Александр Фридман Bloomberg-ке берген сұхбатында.
Тағы оқыңыз: Белгілі олигархтың бұрынғы әйелі тағы да тұрмысқа шықты - фото
Өткен жылы 19 жастағы Александр Лондондағы мектепті тәмамдаған. Осыдан бес ай бұрын өзінің дистрибьюторлық компаниясын ашты. Сондай-ақ, оның мәскеулік мейрамханаларға тауар мен кальян жеткізетін компаниясы бар.
Басылым миллиардер ұлына ақшалай көмектеспесе де, оның атының арқасында Александр Фридманның ісі өрге домалағанын айтады.