Экономика

Ресей ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысында не ұсынады

© Sputnik / Тимур БатыршинПервый заместитель министра экономического развития России Михаил Бабич
Первый заместитель министра экономического развития России  Михаил Бабич - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет басшылары Еуразиялық одақтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясының тұжырымдамалық тұстарын талқылауды жоспарлап отыр

АЛМАТЫ, 30 қаңтар – Sputnik. Ресейдің экономикалық даму министрінің бірінші орынбасары Михаил Бабич Ресей тарапы жұмада өтетін ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысында қандай ұсыныстар жасайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ресей тарапында бірқатар ұсыныс бар, оны біз ЕАЭО-ның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы аясында талқылаймыз. Біз бұл одақтың дамуының негізгі бағыттарын көрсететін өте мазмұнды құжат болуы керек деп тұжырымдаймыз", - деді Михаил Бабич журналистерге арналған брифингте.

Ресейдің экономикалық даму министрінің орынбасары құжатта институционалдық шаралар, одақтың дамуы, соттың рөлі, вето қолдану құқығы, сондай-ақ ЕЭК-ның ұлтаралық өкілеттіктері туралы нақты ұсыныстар болуы керек деп атап өтті.

"Бұл міндеттер ЕАЭО дамуына жаңа серпін беріп, ЕЭК пен Еуразиялық сот одақтың біртұтас экономикалық кеңістігін қамтамасыз ету үшін нақты өкілеттіктерге ие болуына мүмкіндік тудырады", - деп жалғастырды Бабич.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ресей нарығы ЕАЭО серіктестері үшін ашық.  

"Ресей нарығы қатысушы елдерге қолжетімді. Бірақ жетілдіруге ешқандай шектеу жоқ. ЕЭК пен ЕАЭО жұмысы тауарлардың еркін айналымына, жалпы қаржылық, өнеркәсіптік және азық-түлік нарықтарын қалыптастыруға кедергі келтіретін себептерді анықтауға бағытталған", - деп атап өтті Ресейдің экономикалық даму министрінің орынбасары.

Одақтың барлық елінің кәсіпкерлері біртұтас экономикалық кеңістікте өздерін еркін сезінуі үшін барлық кедергі мен шектеуді алып тастау керек, деп түйіндеді Михаил Бабич.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысы 31 қаңтардағы Еуразиялық экономикалық одақтың үкіметаралық кеңесі аясында өтеді.  

ЕАЭО премьерлері Алматыда не талқылайды

Іс-шараға Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Молдова (бақылаушы ел ретінде) үкімет басшылары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саргсян қатысады.

ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысы шағын және кеңейтілген құрамда өтеді. Оның күн тәртібіне сауда-экономикалық ынтымақтастық пен мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауданы кеңейту, ішкі нарықтың жұмыс істеуіне кедергі келтіретін тосқауылдарды жою және экономиканың жекелеген салаларында интеграциялық әлеуетті дамытуға қатысты 12 мәселе кіреді.  

"Ұлттық валюталарды еуразиялық кеңістіктегі пайдалануды кеңейту және қорғау шараларын қолдануды жетілдіру бойынша бірқатар бастаманы талқылау жоспарлануда", - делінген Ресей үкіметінің сайтында.

Сондай-ақ бұл күні "Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы" форумы өтеді.

Жаңалықтар
0