Дерекқор

Тасмағамбетовтің орнына келген жаңа елші туралы не білеміз?

Жазылу
Бұған дейін сыртқы істер министрінің орынбасары болған Ермек Көшербаев 29 қаңтарда Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Жаңа елші туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі 

1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша бітірді.

1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады.

Қазақ, орыс, ағылшын және кәріс тілдерін біледі

Отбасы

Үйленген, 2 баласы бар. Ұлы – Дастан (1988), қызы – Дәмелі (1993);

Жұбайы – Динара Маркенқызы Шайжүнісова.

Еңбек жолы

Көшербаев еңбек жолын 1988 жылы Алматыда № 170 орта мектепте тарих мұғалімі болып бастаған.

  • 1988-1991 жылдары - ҚазССР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі;
  • 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі;
  • 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президент Аппараты Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы;
  • 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы;
  • 1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімнің басшысы;
  • 1997 - 1999 жылдары – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің көмекшісі;
  • 2000 жылы қаңтар-қазан аралығында – "Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры" қоғамдық қоры директорының орынбасары, бірінші орынбасары;
  • 2000-2001 жылдары - "ҚазТрансОйл" ҰК" ЖАҚ баспасөз қызметінің басшысы, мұнай тасымалдау бойынша президент аппаратының басшысы;
  • 2001-2003 жылдары - "ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ аппарат басшысы, бірінші вице-президенттің кеңесшісі, президент аппаратының жетекшісі;
  • 2003 - 2004 жылдары – "Рауан Медиа Групп" АҚ бас директоры;
  • 2004 жылы мамыр-тамыз аралығында – "Отан" республикалық саяси партиясының орталық аппараты басшысының бірінші орынбасары;
  • 2004 – 2005 жылдары – "КазМунайГаз" АҚ президент аппаратының жетекшісі;
  • 2005 -2006 жылдары – "Атамекен" жалпыұлттық одағы атқарушы директорының бірінші орынбасары;
  • 2006-2007 жылдары - "Отан" республикалық саяси партиясы" қоғамдық бірлестігінің орталық аппарат басшысы;
  • 2007 жылы қаңтар – шілде аралығында – "Беркут" қаржы-өндірістік тобы" ЖШС директоры;
  • 2007-2008 жылдары - "KazEnergy" қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық ұйымдары қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры;
  • 2008 -2009 жылдары – "Рауан Медиа Групп" АҚ бас директоры;
  • 2009 – 2010 жылдары – АО "НК "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацисы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы;
  • 2010-2014 жылдары - ШҚО әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары;
  • 2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
  • 2016-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;
  • 2018-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы;
  • 2019 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары міндетін атқарды;

Көшербаев соңғы қызметте инвестициялар комитеті, сыртқы экономикалық саясат департаменті және "Kazakh Invest" ұлттық компаниясының жұмысын үйлестірді.

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, құрметті атақтары:   

Құрмет" ордені;

Дипломатиялық дәрежесі:

I-сыныпты кеңесші.

Жаңалықтар
0