Айта кеткен жөн, Қазақстанда коронавирусқа шалдығу фактісі тіркелген жоқ. Қытайдан келген барлық адамды әуежайда арнайы құрал-жабдықтармен тексеріп жатыр. Тұмауы бар бірнеше адам ауруханаға жатқызылды. Ал денсаулық сақтау министрлігі алдын алу шараларын күшейтіп, 4 миллионға жуық бетпердеге тапсырыс берді. Бұдан бөлек, ауруға шалдыққандарды тасымалдауға арналған 30 капсула сатып алынды. Республика бойынша орналасқан инфекциялық ауруханаларда қосымша кереуеттер қойылды.
Коронавирустың белгілері мен сақтану жолдары
18:37 29.01.2020 (жаңартылды: 11:59 10.08.2023)
Жазылу
Бүгінде жаңа коронавирустың таралуына байланысты әлем бойынша сақтық шараларына баса назар аударылып отыр. Sputnik Қазақстан осы аурудың негізгі белгілері мен одан қорғану амалдарын ұсынады