Өңірлер

Ақтөбеде сатушы әйелді аяусыз өлтірген екеудің соты басталды

© Sputnik / Сергей Мамонтов / Медиабанкке өтуОбвиняемый, закрывший лицо листом бумаги. Архивное фото
Обвиняемый, закрывший лицо листом бумаги. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сатушы әйел қылмыскерлерді танып, қарсылық көрсеткен көрінеді. Күдіктілер дүкендегі 140 мың теңгені қолды қылған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысында сатушыны отыз жерден пышақтап, жауыздықпен өлтірді деп күдікке іліккен екі жігіттің соты басталды. Олардың үстінен пайдакүнемдік ниетпен топ болып кісі өлтіру және заңсыз есірткі затын қолдану баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұл жантүршігерлік оқиға Қарғалы ауданындағы Бадамша ауылын дүр сілкіндірген еді. Қанды оқиғадан шошымаған жан болмады. Бүгінгі сотқа келген де ауыл халқының қарасы көп болды. Барлығы бұл екі күдіктінің қатаң жазаланғанын қалайды, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Көліктен қашып шыққан: Түркістан облысында таксисті өлтіріп кетті

"Марат екі рет отырып шыққан, екеуінде де адам өлтірген. Бұл үшінші жағдай. Бұл адамды енді өмірлікке жіберу керек қой. Дүкенге баса-көктеп кіріп өлтірген. Біздің тілегіміз бұл адам енді бұл жаққа келмейтін болсын", - дейді Бадамша ауылының тұрғыны Мамай Есеев.

Ауыл халқының айтуынша қамауға алынған жігіттің бірі ауыл тұрғыны, көпшілігі оны жақсы біледі. Бұрын да екі бірдей ауыл тұрғынын өлтіріп, істі болған екен. Сатушы келіншек үшінші құрбаны дейді. Аяусыз мойнына отыз рет пышақ салынған әйелді күйеуі тауып алыпты.

"Кіретін есік жабық тұр екен. Подъезд жақта екінші есік бар еді, сол жақтан кірдім. Қоймада сөмкесі шашылып жатыр. Сауда жасау залындағы терминалды аударып тастапты. Сол жағында әйелім қан жоса болып жатыр, жауыздықпен өлтірген", - дейді марқұмның жолдасы Тілектес Пірманов.

Марқұм болған Феруза Пірманова 46 жаста болған. Артында үш баласы қалды. Азапталған әйел қылмыскерлерді танып, қарсылық көрсеткен көрінеді. Сол кезде күдіктілер дүкеннен 140 мыңдай ақшаны да қолды қылған. Айыпталушылар кінәларын жартылай ғана мойындады деген тұрғындар олар жазадан құтылып кете ме деп сотқа арнайы келіпті.

Жаңалықтар
0