Елорда тынысы

Елордада ауа райы қолайсыздығына байланысты жұмыс күні қысқаруы мүмкін

© Sputnik / Абзал КалиевБуран в Нур-Султане
Буран в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорда билігі ұйым мен мекеме басшыларына жұмыс күнін қысқаруға кеңес берді. Мектеп пен колледждерде сабақ болмайды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар — Sputnik. Астаналық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыс күнін қысқартуға кеңес берді.

Ол видеоны қаңтардың 26-нан 27-сіне қараған түні жариялаған. Ол кезде қалада мүлдем еш нәрсе көрінбеген еді.

View this post on Instagram

A post shared by NUR-SULTAN (@akimat_nursultan) on

"Ауа райы бұзылуына байланысты мектептер мен колледждерде сабақ болмайды. Барлық жоғары оқу орындарына сабақты ауыстыру керек. Ал ұйымдар, мекемелер мен бизнес құрылымдарға жұмыс күнін қысқартуға кеңес береміз", - деді төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов.

Төтенше жағдайлар қызметі астаналықтарға қала сыртына шығудан бас тарту керек екенін ескертті. Сондай-ақ, қоғамдық көлікпен жүруге кеңес берді. Балаларды балабақшаға апармаған дұрыс екенін атап өтті. Бірақ балабақшалар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Тағы оқыңыз: Қарағанды ​​облысында боран кезінде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

Бұдан бөлек, видеода елорда әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев та тұрғындарға жеке көлікті қолданбауға кеңес берді.

"Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуде. Арнайы техника жолдарды үздіксіз тазартып жатыр. Алайда қар көп жауғандықтан, жолды қар тез алып қалады. Сондықтан жеке көлікпен шықпауға кеңес береміз. Қажеттілік болмаса, далаға шықпаған жөн", - деді әкімнің орынбасары.

Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, өткен тәулікте астанада 100 көлік апаты болған.

Жаңалықтар
0