Әлем

Қара шоколад ағзаға қалай әсер ететіні анықталды

© Photo : СС0 / Alexander SteinШоколад
Шоколад - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қара шоколадтың 72 проценті табиғи какаодан тұрады, ол жүйке жүйесі мен бұлшықеттердің физиологиялық күш-қуатын арттыруға, майдан арылуға көмектеседі

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. АҚШ-тағы Лома Линда университетінің ғалымдары эксперимент жүргізіп, қара шоколадтың адам ағзасына әсерін анықтады.

Құрамында какао концентрациясы жоғары қара шоколадтың кортизол және серотонин секілді ағза үшін маңызды гормондарды бөлуге көмектесетіні бұрыннан белгілі. Біразға дейін шоколадтың пайдасы туралы осыдан басқа тұжырым жасалмады. АҚШ ғалымдары эксперимент жүргізу арқылы бұл олқылықтың орнын толтырды, деп жазды vevby.ru.

Қатысушыларға күніне какао концентрациясы жоғары елу грамм шоколадтан берілді. Алғашқы порцияны жегеннен соң жарты сағаттан кейін еріктілердің көңіл-күйі жақсарғаны байқалды. Зерттеушілердің айтуынша, эксперимент барысында қатысушылардың иммундық жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерге қарсы әрекет ететін анти денелерді белсенді шығара бастаған.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар шайдың ешкім күтпеген пайдасын анықтады 

Өздеріңіз білетіндей, қара шоколадтың 72 проценті табиғи какаодан тұрады, ол жүйке жүйесі мен бұлшықеттердің физиологиялық жағдайдағы күш-қуатын арттыруға, майдан арылуға көмектеседі. Бұл өнімді ақылға қонымды мөлшерде тұтыну арқылы салмақты азайтуға болады.

Қара шоколад сапасы төмен шикізаттан дайындалған жағдайда немесе артық мөлшерде тұтынылып, денеде май түрінде көмірсулар пайда болса ғана адам ағзасына зиян келтіруі мүмкін.

Жаңалықтар
0