Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевБуран в Нур-Султане
Буран в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті астанада төтенше жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеді. Ауа райы қолайсыздығына байланысты рейстер тоқтатылып, жолдар жабылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті астанада төтенше жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Нұр-Сұлтан қаласы бойынша төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол әділет басқармасында тіркеуден өтті", - деді ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Бүгін алты аймақ бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.

"Оған, алдымен, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар және басқа да жол жабылған аймақтар кіреді", - деді  Ильин.

Ильин төтенше жағдай режимін енгізудің бірнеше себебін атады. Олар:

  • халық тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің бұзылуы;
  • адамдардың жұмысқа және үйге уақытылы жете алмауы;
  • азық-түлік пен медициналық қызметтердің дер кезінде жеткізілмеуі.

Әкімдік қалада төтенше жағдайлар режимі енгізілгенін растады.

"Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимі енгізілгенін растаймыз. Бүгін түнде ауа райы қандай болатынын байқаймыз, егер боран жалғасса, ертең де төтенше жағдай режимі болады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева.

Әкімдік жұмыс берушілерге бүгін жұмыс кестесін қысқартуды ұсынды.

"Бірақ коммуналдық қызметтер, полицейлер, дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастырады. Бұдан бөлек, бірінші және екінші ауысымдағы мектеп және колледж оқушылары үшін сабақ болмайды. Сонымен қатар жоғарғы оқу орнының студенттері үшін де сабақ өткізбеу ұсынылды", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтар
0