Қоғам

Ішкі істер министрлігі Армениядан көлік сатып алғандардың қулығын әшкереледі

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуВыборы президента Казахстана в посольстве Казахстана в РФ
Выборы президента Казахстана в посольстве Казахстана в РФ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар арзан көліктердің кімге арналғанын біле тұра, Арменияда заңсыз тұрақты тіркеуге тұрып, көлікті өз атына аударған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің мамандары Арменияға барып, қазақстандықтардың көлікті қалай сатып алғанын білді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, Армениядан шамамен 22 мыңнан астам көлік жеткізілген. Қазақстандықтар сол көліктерді сатып аларда ортақ тәртіпті бұзып жатқанын білген.

"Қазіргі кезде біздің мамандарымыз Арменияға кім барғанын және көлікті қалай сатып алғанын зерделеп жатыр. Осы орайда маңызды бір мәселені айта кетейін. Бүгінде көлік алғандар өз наразылығын білдіріп жатыр. Не істеп жатқанымызды білмедік дейді. Өкінішке қарай, олай емес", - деді Қожаев астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, министрлік өкілдері армян әріптестерімен бірге жұмыс істеп, бір нәрсені анықтаған.

"Қазақстан азаматтары бәрін білді. Ол көліктер тек Армения азаматтарына ғана арналған болатын. Бұл – Еуразиялық экономикалық одақтың талабы", - деп толықтырды министрдің бірінші орынбасары.

Тоқаевтың тапсырмасы: шетелдік көліктерге арнайы нөмір беріледі 

Қожаевтың сөзіне қарағанда, қазақстандықтар арзан көліктердің кімге арналғанын біле тұра, сол жерде тұратын азамат ретінде заңсыз тіркеліп, көлікті өз атына аударған.

"Олар өз төлқұжатымен емес, Армения Республикасында тұрақты тіркеуге тұру арқылы көлік сатып алған. Соған заңсыз анықтама жасатқан. Осының өзі бәрін біліп тұрып істегенін көрсетсе керек. Сол арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасын айналып өтеміз деп ойлады. Бірақ олай болмайды", - деп түйіндеді Қожаев.

Ал Қырғызстанда сатып алынған көліктердің саны – шамамен 15 мың дана. Басым бөлігі сенімхатпен сатылған. Ресейден келген көліктер де солай.

"Бүгінде Армениядан келген көліктердің шамамен 10 пайызы – оң жақ рөлді көліктер. Қазақстанға ондай көліктерді кіргізуге рұқсат жоқ. Осы шектеуді енгізгенімізге біраз уақыт болды. Ал техникалық регламентке сай емес көліктерді пайдалануға жол бере алмаймыз", - деп атап көрсетті Қожаев.

Жаңалықтар
0