Әлем

Тоғызыншы қабаттан құлап түскен әйел түк болмағандай кете барды – видео

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуНовый дом, архивное фото
Новый дом, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол бірден ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер орташа деңгейдегі жарақат алғанын айтып отыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Ресейдің Ханты-Мансийск автономды округінің Излучинск елдімекенінде тоғызыншы қабаттан құлап түскен әйел бірден тұрып, көршілеріне кетті. Куәгерлердің бірі оқиғаны видеоға түсіріп үлгерген.

Кадрден әйелдің биіктіктен омбы қарға құлап түскенін көруге болады. Бұдан кейін ол бірден тұрып, көршілерінен жедел жәрдем шақыруды сұраған, деп хабарлайды НТВ арнасы. 

Тағы оқыңыз: Президент сөйлеп жатқанда артта тұрған сарбаз құлап түсті — видео

Ол Нижневартовск ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер орташа деңгейдегі жарақат алғанын айтты. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу комитеті тексеріс жүргізіп жатыр. 

Жаңалықтар
0