НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар — Sputnik. Елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Оңтүстікте жауын-шашын, солтүстікте қалың қар түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді.
Дабылды ескерту
Елодада 27 қаңтар күні желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде 23 м/с болады.
Атырау облысында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады. Екпіні – 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында қар, боран, тұман, көктайғақ. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кей жерлерде 25 м/с-ке жетеді.
Қостанай облысында боран, тұман, көктайғақ. Батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Кей жерлерде 23-28 м/с. Күндіз секундына 15-20 метр.
View this post on Instagram
Қызылорда облысында көктайғақ, боран. Батыс және оңтүстік-батыстан жел соғады.
Маңғыстау облысында тұман. Түнде көктайғақ болады. Батыс және солтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні – 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, боран болады. Кей жерлерде көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні– 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с.
Ірі қалалардағы ауа райы
Шымкентте күн бұлтты. Жаңбыр қарға ұласады. Ауа температурасы таңертең -6 , күндіз +1, кешке -1 градус болады.
Синоптиктер Алматыда жауын-шашын болмайтынын хабарлады. Температура минус төрт, минус жеті градус шамасында.
Астанада қар жауады. Ауа температурасы минус 4-6 градус болады.