Видео

Түркиядағы жер сілкінісі: зілзаладан кейінгі видео жарияланды

Жазылу
Yandex newsTelegram
Anadolu агенттігі Түркияның Элязыг провинциясындағы жер сілкінісінен кейін әуеден түсірілген видео жариялады. Одан табиғи апат салдарын, қираған үйлер мен ғимараттарды көруге болады.

Түркияның шығысында 24 қаңтар, жұма күні кешке жер сілкінген болатын. Оның магнитудасы 6,8-ді құрады.

Соңғы мәліметке сәйкес, зілзала салдарынан 22 адам қаза тауып, 1030 адам түрлі жарақат алған.

Тағы оқыңыз: Түркияда жер сілкінді: құрбандар саны артып барады

Қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айтқан болатын.

© Sputnik / Sertaç Kayar Түркиядағы жер сілкінісі
Түркиядағы жер сілкінісі: зілзаладан кейінгі видео жарияланды - Sputnik Қазақстан
Түркиядағы жер сілкінісі
Жаңалықтар
0