Саясат

Қытай коронавирусының таралуы: Тоқаев мәлімдеме жасады

© Sputnik / Абзал КалиевПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на заседании Национального совета общественного доверия
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на заседании Национального совета общественного доверия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аса қауіпті індеттің таралуына байланысты мәлімдеме жасады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда пневмонияның таралуына байланысты Үкіметке тиісті тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Үкіметке Қытайда пайда болған коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөнінде нақты ұйымдастыру шараларын қабылдау тапсырылды", - деді президент Twitter парағында.

2019 жылдың желтоқсанынан бастап Қытайда белгісіз індеттің таралуынан кейін ел билігі Хубэй провинциясындағы он қаланы "жауып" тастады.
Бірінші болып Ухань қаласы "жабылды". Себебі қауіпті пневмония 11 миллионнан астам тұрғыны бар осы қаладан тараған болатын.
Карантин жарияланған қалалар арасында Чиби (534 мың адам), Эчжоу (1,08 миллион адам), Хуанган (7,5 миллион адам), Сяньтао (1,6 миллион адам), Чжицзян (550 мың адам), Цяньцзян (963 мың адам), Хуанши (2,7 миллион адам), Эньши (809 мың адам) мен Сяньнин (2,5 миллион адам) бар.
26 қаңтар, жексенбідегі жағдай бойынша, Қытайда коронавирустан 54 адам көз жұмған. Бұған қоса, бұл ауру басқа елдерге де тарай бастаған.

Жаңалықтар
0