Оқиға

Қазақстанның оңтүстігінде үш мың балапан өртеніп кетті

© Sputnik / Александр Кондратюк / Фотобанкке өтуЦыплята
Цыплята - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Құс фабрикасындағы өртті 18 адам бір сағатқа жуық уақыт сөндірді. Жалын 190 шаршы метр аумаққа шарпыған

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысында құс фабрикаларының бірінен өрт шығып, салдарынан үш мың құс өлді.

Оқиға жайлы хабарлама өрт сөндіру қызметінің пультіне 25 қаңтар күні сағат 7-де түсті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Қоқысқа тасталған жүздеген жұмыртқадан балапандар жарып шықты - видео 

"Өрт Төлеби ауданының Ақбастау ауылындағы "ШымкентҚұс" ЖШС құс фабрикасы аумағында болды. Өрт сөндіру бөлімшелері жеткенде құс қамайтын күркелердің бірінде бетон едендегі сабан түріндегі төсеніштер өртеніп жатты", - делінген хабарламада.

© Photo : комитет по ЧС МВД РК "ШымкентҚұс" ЖШС құс фабрикасындағы өрт
Қазақстанның оңтүстігінде үш мың балапан өртеніп кетті  - Sputnik Қазақстан
"ШымкентҚұс" ЖШС құс фабрикасындағы өрт

Өрт сөндірушілер жалынды сағат 08:05-те сөндірді. Өрт 190 шаршы метрге шарпыған. Салдарынан үш мың балапан өлді. Қызыл жалынды сөндіруге 18 адам мен алты техника жұмылдырылды.

Жаңалықтар
0