Қоғам

Жемқорлықпен күресушілер Тоқаев қолдаған челленджге қатысты - видео

© Sputnik / Владислав ВодневСнегопад в Нур-Султане
Снегопад в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері қолдарына күрек алып, президент қолдаған челленджге қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар — Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері #BizBirgemiz челленджі аясында тұрғын үйлердің ауласын тазалады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жоғарғы соттан қала көшелерін қардан тазалау бойынша челленджді қабыл алды. Қызметкерлеріміз агенттік ғимаратына жақын маңдағы үйлердің ауласын тазалады. Бұл челленджді біз ішкі істер министрлігіндегі әріптестерімізге жолдаймыз", – деді агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шоумен Тұрсынбек Қабатовтың елорда аулаларын қардан тазарту жөніндегі ұсынысын "волонтерлер жылы аясындағы орынды бастама" деп қолдаған болатын.

Тағы оқыңыз: Желіде Тұрсынбек Қабатовтың қазақстандықтарға үндеуі жарияланды – видеo

Жаңалықтар
0