Әлем

Қытайда коронавирустан қаза тапқан адамдар саны 40-тан асты

© PhotoРука ребенка, иллюстративное фото
Рука ребенка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ал ауру жұқтырған азаматтар саны 1 287-ге жеткен, 200-ден астам науқас ауыр халде жатыр екен

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар — Sputnik. Қытайда коронавирустың жаңа түрімен ауырғандар саны артып барады. Соңғы мәліметке сай, вирусты 1 287 адам жұқтырған, олардың 41-і көз жұмған, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті билікке сілтеме жасай отырып.

"24 қаңтардың түніндегі жағдай бойынша, 29 провинция мен қалада 1 287 пневмония жұқтыру фактісі тіркелген. Олардың 237-і ауыр халде жатыр, ал 41 азамат қайтыс болды", - делінген ақпаратта.

Қытайда коронавирустың өршуі

2019 жылдың желтоқсанынан бастап Қытайда белгісіз коронавирустың таралуынан кейін ел билігі Хубэй провинциясындағы он қаланы "жауып" тастады.

Бірінші болып Ухань қаласы "жабылды". Себебі қауіпті індет 11 миллионнан астам тұрғыны бар осы қаладан тараған болатын.

Тағы оқыңыз: Қытайда 98 қазақстандық коронавирустың дәл ортасында жүр

Карантин жарияланған қалалар арасында Чиби (534 мың адам), Эчжоу (1,08 миллион адам), Хуанган (7,5 миллион адам), Сяньтао (1,6 миллион адам), Чжицзян (550 мың адам), Цяньцзян (963 мың адам), Хуанши (2,7 миллион адам), Эньши (809 мың адам) мен Сяньнин (2,5 миллион адам) бар.

Жаңалықтар
0