Вирус Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында тарала бастады. Желтоқсан айының соңында белгісіз пневмония туралы ақпараттар жарияланды. Кейін билік аурудың қоздырғышы коронавирустың жаңа түрі - 2019-nCoV екенін анықтады. Ол адамнан адамға жұғады. Вирус Ухань қаласынан Қытайдың басқа өңірлеріне, кейін өзге елдерге де жылдам тарап кетті.
Австралияда тағы бір адам коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған. Ресей мей Беларусьте де вирус жұқтырғандар туралы хабарланды, бірақ диагноз расталған жоқ.
Қазір Ухань, көрші Хуанган қаласы жабылды: кіріп-шығу шектелді, қоғамдық көлік пен көптеген қалалық нысандардың жұмысы тоқтатылды. Басқа елдер әуежайларда қосымша тексерістер енгізіп жатыр.
Әзірге коронавирустан вакцина жоқ. Аурудың белгілері: жоғары температура, жөтел, тыныс алудың қиындауы. Cоңғы мәліметтер бойынша 800-ден астам адам вирус жұқтырып, оның 25-і көз жұмды.
Қазіргі уақытта бұл вирус туралы не белгілі – видеодан көре аласыздар.