Қоғам

Тоқаев Алматыдағы ұшақ апаты жайлы: маған зардап шеккендер хат жазып жатыр

© Photo : Дамир КагармановBek Air, разбившийся под Алматы
Bek Air, разбившийся под Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы әуе апатынан зардап шеккендер үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың көмегін алуы тиіс екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы түбіндегі ұшақ апатынан зардап шеккендерге өтемақыны тез арада төлеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жақында, өкінішке қарай, трагедия болғанын білесіздер. Ұшақ құлады. Маған зардап шеккендерден хат келіп жатыр. Олар ақшалай өтемақыларын ала алмай жүргенін айтады. Адамдар ауруханада жатыр, кейбіреулері еңбекке жарамсыз болып қалған. Осыған байланысты қандай жұмыстар атқарылып жатыр?", - деп сұрады Тоқаев вице-премьер Роман Склярдан.

Скляр зардап шеккендердің бәрі сақтандыру компаниясымен сақтандырылғанын жеткізді. Өтемақы жақын арада төленеді деп сендірді ол.

Оқи отырыңыз: Bek Air-дің аман қалған жолаушысы ұшақта не болғанын айтып берді

"Бұл жұмысты тездетуді сұраймын. Зардап шеккендер үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың көмегін алуы тиіс. Әкімдердің назарын осы мәселеге аударамын. Таяу арада бұл мәселені шешіңіздер", - деп тапсырды мемлекет басшысы. 

Алматы түбіндегі ұшақ апаты

Ұшақ апаты 2019 жылдың 27 желтоқсанында таңғы сағат жетіде болды. Bek Air әуе компаниясының "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағытындағы Fokker 100 ұшағы Алматы маңына құлады.

Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды, қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі бар. Екінші ұшқыш жансақтау бөліміне түскен.

Президент тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Тоқаев апаттың себебін анықтап, кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырды. 28 желтоқсан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болды.

Жаңалықтар
0