Өңірлер

Тараздағы сұмдық: оқушы қызды дәретханада зорлаған педофилге сот үкімі шықты

© Sputnik / Скрин видеоМужчина, изнасиловавший семиклассницу в уличном туалете на территории школы в Таразе, приговорен к 25 годам лишения свободы
Мужчина, изнасиловавший семиклассницу в уличном туалете на территории школы в Таразе, приговорен к 25 годам лишения свободы   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Педофил алғашқы 5 жылын бір түрмеде өткізсе, одан кейін қауіпсіздігі барынша жоғары колонияға ауыстырылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Таразда 12 жастағы қызды даладағы мектеп дәретханасында зорлаған ер адамға сот үкімі шықты. Қылмыстық іс Жамбыл облыстық мамандырылған сотында қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

38 жастағы ер адам қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі (зорлау) және 121-бабының 4-бөлігі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша кінәлі деп танылып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Алғашқы 5 жылын бір түрмеде өткізсе, одан кейін қауіпсіздігі барынша жоғары колонияға ауыстырылатын болады.

"Жазасын өтеу орнында алкоголизмнен, нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеу, сонымен қатар химиялық кастрациялау түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалды", - дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Райхан Ратова. 

Сотта баланың заңды өкілінің азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды. Сотталған 5 000 000 теңге көлеміндегі моральдық шығынды өтеп беруге міндетті. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Дәретханадағы зорлау

Сұмдық оқиға былтыр 18 қарашада Тараздағы мектепте болды. 7-сынып оқушысы география пәні кезінде дәретханаға сұранып шыққан. Сол жерде оны педофил зорлайды.

Қылмыскер мектептің бейнекамераларына түсіп қалды. Ол бір сағат бойы білім мекемесінің жанында жүрген. Бірақ оған ешкім мән бермеді. Оқиғадан кейін ата-аналар мектеп басшылығын жазалауды талап етті.

Тағы оқыңыз: Танымал әнші бірнеше рет зорланғанын ашық айтты

Осыдан кейін облыстық білім басқармасының жетекшісі, мектеп директоры мен сабақ кезінде дәретханаға жіберген мұғалім, кезекші мұғалім, вахтер мен оқу ісінің меңгерушісі қызметінен кетті.

Ал президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевты қызметінен босатты. Облыс басшысына ескерту жасалды.

Полицейлер ұсталған адамның бұрын ұрлық үшін істі болғанын анықтады.

Жаңалықтар
0