Саясат

Мемлекет басшысы Сапарбаевтан шетелдіктердің жалақысы туралы сұрады

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, валюта, тенге, доллар
Деньги, валюта, тенге, доллар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вице-премьердің айтуынша, былтыр бас прокуратураның араласуымен 550-ге тарта шетелдік еліне қайтарылған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қазақстандық және шетелдік жұмысшыларға жалақы төлеу кезінде теңсіздікке жол бермеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Шетелдік және жергілікті жұмыскерлерге жалақы төлеу кезінде теңсіздікке жол бермеу керек. Ол анық мәселе. Бірақ осы жұмыстың нәтижесі қандай, қалай болып жатыр?",  - деп сұрады президент вице-премьер Бердібек Сапарбаевтан.

Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, қазір республикадағы екі мыңға жуық кәсіпорында шетелдік азаматтар еңбек етеді. Ондағы қазақстандықтардың үлесі – 96 процент.

"Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, еңбек министрлігі бас прокуратура, жергілікті билік өкілдерімен бірігіп, отыздан астам шетелдік жұмыс істейтін 96 кәсіпорынды тексерді. Соның нәтижесінде мыңға жуық заң бұзушылық анықталды. Бас прокуратураның көмегімен 550-ге тарта шетелдік еліне қайтарылды. 470 еңбек шарты бұзылды", - деп баяндады Сапарбаев.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрі Қазақстанда қанша қытай жұмыс істеп жүргенін айтты 

Ол министрлік квотаны 40 процентке қысқартқанын, соның нәтижесінде шетелдік жұмысшылар саны 29 мыңға дейін азайғанын атап өтті. 

"Оған қосымша, қазіргі қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізу туралы құжаттарды дайындап, парламентке жібердік. Шетелдік жұмысшылар істейтін кәсіпорындарға ең кем дегенде екі-үш жылдың ішінде қазақстандықтарды оқытуды тапсырып жатырмыз", - деді Сапарбаев.

"Бұл жұмысты міндетті түрде жалғастыру керек", - деп тапсырды Қазақстан президенті.

Жаңалықтар
0