Оқиға

Елорда маңында қасқыр өріп жүр – полиция видеоға түсініктеме берді

© Photo : СС0 / Mila KusmenkoВолки
Волки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
23 қаңтарда Youtube желісіне шыққан бір видеода автор Көктал жақта қасқырлардың жүргенін айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Астаналықтар арасында Көктал мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы маңында жүрген қасқырлар туралы видео тарап жатыр. Полицейлер фейк ақпарат таратқандарды іздестіруде, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

23 қаңтарда Youtube желісіне шыққан бір видеода автор Көктал жақта қасқырлардың жүргенін айтты. Бірақ оларды жақыннан көрсетпеген. Жеті секундтық роликте жолда қандай жануардың жүргені анық көрінбейді. 

Бұдан бөлек, WhatsApp мессенджерінде бір үйір қасқырдың екі итті жарып кеткені туралы видео тарап кетті. Бұл оқиға Ресейдің Архангельск облысындағы Нёнокс ауылында болған. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазған болатын. 


Тура сондай бір видео Ресейдің Калуга қаласында түсірілген. Онда екі жігіт көліктің ішінен бір үйір қасқырды видеоға түсіріп алған.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қасқырларға қатысты мәліметті жоққа шығарды.

"Көктал мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы маңында бір үйір қасқырдың жүргені туралы видеодағы дерек шындыққа жанаспайды. Нұр-Сұлтан полицейлері фейк хабарламаның авторларын іздестіріп жатыр. Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады", - деді полиция қызметкерлері.

Жаңалықтар
0