НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар — Sputnik. Қызылордада өзінің күйеуін өлтіруге тапсырыс берген әйелге сот үкімі шықты.
Төрт баланың анасы бұған дейін сотталған Түркістан облысының тұрғынына жиырма мың доллар ақша беретінін айтқан. Ол өзінің бұрынғы күйеуінен осылайша құтылуды жоспарлапты.
Алайда бұған келіскен ер адам облыстық полиция департаментіне барып, мән-жайды айтып берді.
Тәртіп сақшылары ер адамға жоспар іске асқандай сыңай танытуды тапсырды. Сондықтан ер адам әйелге күйеуін өлтіргенін хабарлаған. Дәлел ретінде айналасы қан болып жатқан күйеуінің суретін жіберіпті.
Тағы оқыңыз: Әйелдің Жаңа жыл түнінде жасаған сұмдық қылмысы әшкере болды
Әйел оған жолға 10 мың теңге беріп, қалған ақшаны күйеуінің мүлкі мұраға келген кезде өтейтінін айтқан. Сотта әйел өзінің кінәсін мойындаған жоқ.
"Қылмысты дайындағаны үшін қолданылатын жаза бапта көрсетілген максималды мерзімнің жартысынан көп болмауы тиіс. Егер 20 жыл беру қарастырылған болса, оның жартысы 10 жыл болады. Ал қылмыстық жазаны жеңілдететін жағдайлар болса, жаза уақыты баптағы ең ұзақ мерзімнің төрттен үш бөлігі. Сот үкіміне сәйкес, әйел 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - деді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Асхат Сабыров.