НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының құтқарушылары қар құрсауынан 59 адамды құтқарды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Бүгін сағат 8.00-ден кешкі 17.15-ке дейін Нұр-Сұлтан қаласының құтқарушылары қар құрсауынан 36 жеңіл көлік пен 1 автобусты, 1 жүк көлігін (фура), 1 тиегішті және 59 адамды құтқарды",- деп жазылған қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті базасында жедел штаб құрылып, жедел желі іске қосылды: 24-52-12, 24-51-71, 24-51-47. 11 техника бірлігі мен елордалық ТЖД жеке құрамының 35 маманы жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимін енгізу ұсынылды
Құтқарушылар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс жүргізеді.
Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД елорда тұрғындарын ауа райын бақылап, шектеу қойылған жағдайда қаладан шықпауға шақырды.