Аңдатпа

Қазақстанда 24 қаңтарда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневСнегопад в Нур-Султане
Снегопад в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 24 қаңтарда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 25-31 қаңтар аралығында және 1-8 ақпанда не жоспарланғанын біле аласыз

24 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 -  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалығымен Қазақстан Республикасы үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді (Аккредитация +7 (7172) 74 58 64, 75 00 10 телефондары немесе press.kpm@mail.ru электрондық мекенжайы бойынша жасалады).

10.00 – "Приключение Аистенка" спектаклінің премьерасы өткізіледі (Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры).

15.00 – Bek Air әуе компаниясының қызметін тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтар мәселелері бойынша брифинг ұйымдастырылады ("Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, Мәңгілік ел даңғылы, 55/15, блок С 2.3. Аккредитация press@caakz.com электрондық мекенжайы бойынша жасалады).

17.00 – Корей жаңа жылы өтеді. Мерекелік шараға кіру тегін (Корея мәдени орталығының шағын кинозалы, "Нұрсәулет-2" бизнес орталығы, Иманов көшесі, 13. Байланыс телефоны: +7 (7172) 90 11 13).

17.00 – Студенттер күніне арналған талапкерлердің қысқы балы ұйымдастырылады. Көрермендер үшін кіру тегін (Нұр-Сұлтандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы. Балйнасы телефоны: +7 707 778 8218).

АЛМАТЫ

10.00 – "Қаржы мен салық туралы қарапайым тілмен" IV жыл сайынғы турне аясында семинар өткізіледі (Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы, Абай даңғылы, 44. Аккредитация +7 701 872 72 03 телефоны арқылы жасалады).

10.00 – ҚХР-дан науқас ұшып келгенде не істеу керек? Коронавирустың таралуына байланысты оқу-жаттығу өтеді (Алматы халықаралық әуежайы, Майлин көшесі, 2. Аккредитация +7 701 543 20 83 телефоны арқылы жасалады).

10.00 – Германиядан (Гамбург қ.) келген кардиохирург, профессор Thorsten Hanke қатысуымен шеберлік сабағы болады (Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-і, Әйтеке би көшесі, 120. Аккредитация sulushash777@mail.ru, press_ncvb@mail.ru электрондық мекенжайлары бойынша жасалады. Байланыс телефоны: +7 701 702 03 46, +7 701 460 13 95).

18.00 – In Art көркемөнер студиясының алғашқы балалар көрмесінің ашылуы өтеді. Онда 5-15 жас аралығындағы балалардың еңбектері назарға ұсынылады ("Вернисаж" галереясы, Достық даңғылы, 17).

19.00 – "Владимир Высоцкий. Полгода до бессмертия" музыкалық-поэтикалық кеші ұйымдастырылады. Шараны Владимир Высоцкий атындағы халықаралық орталықтың Қазақстандағы өкілдігі ақынның туған күніне орай ұйымдастырып отыр ("La Bohême" театры, Зенков көшесі, 24. Байланыс телефондары: +7 777 168 84 59, +7 705 777 00 53).

25 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 - "Абай" операсы сахналанады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1)

19.30 - Astana Musical театрының концерті – "Сиқырлы сазды хор-концерт" өтеді ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңігілік ел даңғылы, 10. Байланыс телефоны: + 7 (7172) 70 52 44).

АЛМАТЫ

10.00 - "Возьми друга из приюта" фотокөрмесі өткізіледі. Ұйымдастырушы - Nosa қоры (Кенесары, 52. Байланыс телефоны: 8 (701) 722 86 12).

12.00 - "Шетелдегі білім" көрмесі ұйымдастырылады (Axis Education, Клочкова көшесі, 89).

26 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - Тамара Гвердцителидің концерттік бағдарламасы - "Ориентир любви" өтеді ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңігілік ел даңғылы, 10).

АЛМАТЫ

08.00 - LITR (Long Interval Training Relay) GAME 2020 командалық жарысы өткізіледі. Старт – Бутаков шатқалы. LITR Game эстафетасы ерлер, әйелдер және аралас командалар арасында өтеді. Әрбір қатысушы кезектесіп бір маршрутты бес рет айналып өтеді. Жарыс екі кезеңнен тұрады (Байланыс телефондары +7 707 824 69 31, +7 778 871 81 18).

27 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Нұр-Сұлтан қаласы аудан әкімдерінің халықпен кездесулері басталады.

Есіл ауданының әкімі 29 қаңтар мен 4 ақпан аралығында кездесулер өткізеді (Өтетін жерлер: 29 қаңтарда - №24 орта мектеп, Арнасай көшесі, 127; 30 қаңтарда - №69 мектеп-гимназиясы, Исатай батыр көшесі, 141/1; 31 қаңтарда - №75 мектеп-гимназия, Мәңгілік ел даңғылы, 28/1; 3 ақпанда -  №59 мектеп-лицей, Сауран көшесі, 5/1; 4 ақпанда – Қазақ мемлекеттік заң университеті, Қорғалжын тас жолы, 8).

Алматы ауданы әкімінің кездесулері 3-7 ақпан аралығында ұйымдастырылады (3 ақпанда – Гумилев атындағы ЕҰУ, Сәтпаев көшесі, 2; 4 ақпанда - №63 орта мектебі, Лепсі көшесі, 38; 5 ақпанда - №29 орта мектебі, Горький көшесі, 22; 6 ақпанда - №86 орта мектебі, А-98 көшесі, 20; 7 ақпанда - №72 орта мектебі, Нәжімеденов көшесі 10/5).

Сарыарқа ауданы әкімінің кездесулері 27 қаңтар - 3 ақпан аралығында өтеді (27 ақпанда  - "Көктал-1", "Наз" мемлекеттік театры, Алмалық көшесі, 1; 28 ақпанда - "Көктал-2", №68 орта мектебі, Кұсмұрын көшесі, 2; 29 қаңтарда - "Агроқалашық", №20 орта мектебі, Қарталы көшесі, 62; 30 қаңтарда - "Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10; 31 қаңтарда - №65 мектеп гимназиясы, 187 көшесі, №18/4; 3 ақпанда – Оқушылар сарайы, Мамбетов көшесі, 1).

Байқоңыр ауданы әкімінің кездесулері 27-31 қаңтар аралығында ұйымдастырылады (27 қаңтарда - №49 орта мектебі, Сарыадыр көшесі, 3; 28 қаңтарда - №55 орта мектебі, Досмұхамедұлы көшесі, 2, 29 қаңтарда - №10 мектеп-гимназиясы, Ғабдуллин көшесі, 7; 30 қаңтарда - №4 орта мектебі, Айманов көшесі, 3; 31 қаңтарда - №87 мектеп-гимназиясы, Иманов көшесі, 39).

Барлық кездесу "сұрақ-жауап" форматында өтеді (Байланыс телефондары: Алматы ауданы  +7 (7172) 36 39 19, Есіл ауданы +7 (7172)  57 73 83, Сарыарқа ауданы +7 (7172) 55 66 03, Байқоңыр ауданы+7 (7172) 55 74 91).

11.00 – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі алқасының отырысы өткізіледі (Қазмедиа орталығы, Қонаев көшесі, 4. Аккредитация +7(7172) 74 14 52, 74 03 50 телефондары немесе pressa.mic@gmail.com электрондық мекенжайы бойынша жасалады).

31 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - Romantique музыкалық миниатюралар кеші ұйымдастырылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

10.00 - "Digital Almaty: ғаламдық экономиканың цифрлық болашағы" халықаралық форумы өтеді. Шараға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары, жетекші CEO мамандар, ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар қатысады. Негізгі тақырып – үлкен мәліметтер мен жасанды интеллекттің негізінде аймақты тұрақты дамыту. Форум аясында Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, сондай-ақ, Әзербайжан, Өзбекстан мен Молдова үкімет басшыларының пленарлық сессиясы ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильд, ЕЭК төрағасы Михаил Мясникович, UNICEF-тің инновациялар жөніндегі бас кеңесшісі Кристофер Фабиан, IDC президенті Кроуфорд Дель Прет, Amazon Web Services компаниясының трансформация жөніндегі директоры Лиам Максвелл, Qwasar Silicon Valley негізін салушы Кваме Ямгнане және тағы басқа танымал тұлғалар өз ойларын ортаға салады. Форумда алғаш рет Digital Almaty Awards  сыйлығын тапсыру рәсімі болады (Ritz Carlton Almaty қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 92 73).

1 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

12:30 – Спидвейден (мұздағы мотожарыс) әлемнің жеке чемпионатының финалы өтеді ("Медеу" мұз айдыны, байланыс телефоны: +7 701 257 05 23, email: d.tanasheva@infores.kz).

5 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.30 – Қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған "Қазағым-ай" концерті ұйымдастырылады ("Қазақстан" ОКЗ, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

8 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 - "Золушка" балеті қойылады. Хореограф-қоюшы, либретто авторы - Надежда Калинина ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала көшесі, 9)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0