Әлем

Иерусалимде тарихи ескерткіш ашылды

© Photo : Официальный сайт президента РоссииВладимир Путин и Биньямин Нетаньяху на открытии памятника блокадникам Ленинграда в Иерусалиме
Владимир Путин и Биньямин Нетаньяху на открытии памятника блокадникам Ленинграда в Иерусалиме  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемориалдың ашылу рәсіміне Ресей президенті Владимир Путин мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Иерусалим қаласында қоршауда қалған Ленинград қаһармандарына арналған ескерткіш ашылды, деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.

Мемориалдың ашылу рәсіміне Ресей президенті Владимир Путин мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қатысты. Ескерткіш Иерусалимнің "Сакер" саяжайында орналасқан.

Стела майшамның үлгісінде жасалған. Қола жазуы бар. Ал монументтің тасында "Ленинград 900 күн мен түн ұлтшылдардың қоршауында болды.

Қала жауға қарсы төтеп берді. Ленинградтың шамамен екі миллион бейбіт тұрғыны мен қорғаушысы қаза тапты" деген дерек жазылған.

Тағы оқыңыз: АҚШ ғарышта соғысуды көздейді. Ресейдің жауабы қандай?

Стеланың биіктігі – тоғыз метр, салмағы – он екі тонна. Тұғыр салмағы – алты тонна. Ескерткіш Израильдегі ірі мемориалдардың қатарына енді.     

Авторлардың сөзіне қарағанда, жобаның жалпы құны екі миллион доллардан асады. Мемориал ақшасын демеушілер мен әлемдегі еврей ұйымдарының өкілдері жинап берген. Қаржының басым бөлігі Ресейден аударылды.

Айта кетейік, бүгін РФ президенті Владимир Путин "Холокостты ұмытпаймыз, антисемитизммен күресеміз" атты форумға қатысу үшін Израильге барған болатын.

Бас кезінде Путиннің сапары екі күнге созылады деген жоспар болған. Алайда үкіметтегі ауыс-түйістерге байланысты сапардың мерзімі бір күнге қысқарыпты.

Жаңалықтар
0