Әлем

Сүйіктісінің көзіне шөп салған жігіт видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуМолодые люди во время прогулки, архивное фото
Молодые люди во время прогулки, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға футбол матчы кезінде болған. Оператор құшақтасып отырған жұпты түсірген кезде, олар бір-бірін танымайтын сыңай танытты

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Эквадорда жергілікті "Барселона" және "Дельфин" футбол клубтарының матчында оператор қызықты жайтты түсіріп алған.

Құшақтасып отырған жұп камераны көрген кезде бір-бірін мүлдем білмейтіндей сыңай танытты.

Кадрден ер адамның қолын қыздың иығынан бірден алғанын көруге болады. Сондай-ақ, бойжеткеннен сәл алшақтады.

RT-ның хабарлауынша, қызықты видео әлеуметтік желіде тез таралып, қызу талқыланған.

Желі қолданушылары ер адам өзінің сүйіктісінің көзіне шөп салып жүр деп есептейді.

Тағы оқыңыз: Маман ерлі-зайыптының бір-бірінің көзіне шөп салғанын қалай білуге болатынын айтты

"Өзінің сүйіктісінің көзіне шөп салып жүрген адам мыңдаған адам бар стадион мен миллиондаған телекөрермен көретін жерге бармайды. Алайда мына жігіт ондай пікірде емес сияқты", - деп жазды қолданушылардың бірі.

 

Жаңалықтар
0