НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов қазақ армиясының қатарын толықтырды.
Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Ақтау қаласындағы № 6656 әскери бөліміне қабылданды. Боксшы әскери борышын спорттық карьерасымен үйлестіре отырып, қатардағы жауынгер шенінде қызмет атқарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске сала кетейік, Бекзат Нұрдәулетов былтыр 81 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы болды. Сондай-ақ ол Ұлттық олимпиада комитеті өткізетін "Алтын Самғау 2019" жүлдесінде өткен жылдың қорытындысы бойынша ең үздік спортшы деп танылды.
Қазақстандық спортшылардың арасында кімдердің әскери атағы бар
Атақты жеңіл атлет Ольга Рыпакова әр жылдардағы спорттық жетістіктері мен Олимпиада медальдары үшін майор шенін алған.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Қытайда алтын алған Рыпакованы құттықтады
Боксшылар Данияр Елеусінов, Василий Левит және дзюдошы Елдос Сметов Қазақстан Ұлттық ұланы командасының аға спорт инспекторы болды, олар лейтенант шенін алған.
2018 жылы қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Ұлттық ұланның Алматыдағы 7552 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп, кейін келісімшарт бойынша қызметінде қалды. Ол ҚР Ұлттық ұланының спорт командасында аға нұсқаушы болды.