НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар — Sputnik. Оңтүстік Корея астанасы Сеулден 30 шақырым жердегі Ансан қаласында қазақстандық әйелдің мәйіті табылды.
"Қазақстандық әйелдің мәйіті 16 қаңтарда өз пәтерінен табылды. Қазір тергеу шаралары мен сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.
Министрліктің ақпаратына сәйкес, әйел өз-өзіне қол салған.
Кейбір мәліметтер бойынша 28 жастағы әйелдің 5 жасар баласы бар, ол Қазақстанда тұрады.