Әлем

Қайтыс болған бұрынғы КВН ойыншысы сырқаты туралы бір жыл бұрын білген

© Sputnik / Алексей Сухоруков / Медиабанкке өтуПациент перед операцией, архивное фото
Пациент перед операцией, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Достары оны емдеуге ақша жинады. Бір апта бұрын белгісіз біреу қомақты қаражат беріп, қалған соманың бәрін жапқан. Алайда 19 қаңтар күні ол көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Ресейлік КВН ойыншысы Тимур Гайдуков өзіне лейкоз диагнозы қойылғаны осыдан бір жыл бұрын әлеуметтік желідегі парақшасында жазған, деп хабарлайды РИА Новости.

2018 жылдың 31 желтоқсанында "Ведущий Сергей Берлизов" деп аталатын YouTube-каналында да ролик жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🎙ВЕДУЩИЙ ТИМУР ГАЙДУКОВ (@timurwedding)

Гайдуковтың айтуынша, диагнозды естігенде кезде, ең алдымен жақсылықты ойлаған.

"Бәрі жақсы болады, біз қалай да жеңеміз", - деп жазды ол. Өзіне қолдау көрскеткен жақындарына алғыс білдірген.

Ол алғашқы айдың ең қиын болғанын айтқан. Өйткені күніне бірнеше рет дәрігерге тексерілуге тура келеді", - деп жазған еді Гайдуков.

Тимур Гайдуков 2020 жылдың 19 қаңтарында 36 жасында көз жұмды. Ол өзінің "лимфобластозды лейкозға" шалдыққанын 2018 жылдың күзінде білген. Осы уақыт бойы дертпен күрескен. Достары оны емдеуге ақша жинады. Бір апта бұрын оған белгісіз біреу  1 634 000 рубль (9 млн теңгеге жуық) жіберіп, дәрі-дәрмек мәселесін шешкен.

Тағы оқыңыз: Аты аңызға айналған боксшы қайтыс болды

Гайдуков "Город Пятигорск" КВН командасында өнер көрсеткен болатын.

Жаңалықтар
0