НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Алматы уақытымен сағат он бір жарымда Текелі мен Талдықорған тұрғындары 3-4 балдық жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сейсмикалық станция 20 қаңтар күні Алматы уақытымен сағат 11:31-де жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 231 шақырымда, Текелі қаласы мен Руднечный ауылының арасында орналасқан.
"МSК-64 шкаласы бойынша Текеліде 3-4 балдық, ал Талдықорған қаласында 3 балдық жерасты дүмпуі сезілді. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ", - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.3. Магнитудасы MPV 4.7.
Тағы оқыңыз: "Аяғымның асты дірілдеді": Алматыда тағы да жер сілкінді
Тереңдігі – 20 шақырым.
19 қаңтарда Алматыда жер сілкініп, тұрғындар 3-4 балдық жерасты дүмпулерін сезген еді.