Қоғам

Ресейлік мектепте қазақ сыныбы ашылды

© Photo : Facebook/ Есенгалий ИбраевКазахский класс в школе Тюменской области
Казахский класс в школе Тюменской области - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түмен облысындағы Голышманово ауылының тұрғындары ғана емес, өзге елдімекендердің тұрғындары да қазақ тілін меңгергісі келеді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Түмен облысында үшінші қазақ сыныбы ашылды. Алғашқы ашық сабаққа оқушылардың ата-аналары, ата-әжелері келді.

"Қазақ тілінен алғашқы ашық сабаққа 40 оқушы, ата-аналары мен туыстары келді. Сыныпқа оқушы қабылдау жалғасып жатыр. Өзге ауылдарда да қазақ тілін меңгергісі келетіндер бар", - деді Түмен облысындағы қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының президенті Есенғали Ыбыраев.

Ол ауылдағы қазақтар дәстүрді сақтап қалғанын айтты.

"Дәл осы жерде бірнеше жыл бұрын Түмен облысы қазақтарының алғашқы құрылтайы өтті. Бүгінде Дүйсенбай аға Беқұжынов жетекшілік ететін біздің автономияның жергілікті бөлімшесі ұлттық-мәдени жобаларды белсенді жүзеге асырады", - деді Ыбыраев.

 

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің мәліметіне сәйкес, Голышманов ауданында екі мыңға жуық қазақ тұрады. 

Өткен жылдың қазан айында Түмен облысындағы Упорово ауылында жаңа қазақ сыныптары үшін алғашқы қоңырау соғылды.

Жаңалықтар
0