Оқиға

"Аяғымның асты дірілдеді": Алматыда тағы да жер сілкінді

© Sputnik / Владислав ВодневСейсмологи
Сейсмологи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жергілікті тұрғындар жер сілкінісін сезгенін айтады, зілзаланың эпицентрі Қытайдың аумағында орналасқан

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Алматы тұрғындары тағы да Қытайдағы жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазір ғана жер сілкінісін сезіндік. Қанша балл екенін білмеймін, бірақ шамамен 2,5-3 балл секілді. Аяғымның астынан діріл сезілді", - деп бөлісті алматылық әйел Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 370 км жерде Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды сейсмологиялық тәжірибелік-медициналық экспедиция.

"2020 жылдың 19 қаңтарында Алматы уақыты бойынша 19 сағат 27 минут 57 секундта жер сілкінісі тіркелді. Магнитудасы - MPV 6.0", - делінген хабарламада.

Алматы тұрғындары жерасты дүмпулерін 3-4 балл (МSК-64 бойынша) шамасында сезінді.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті. 

Айта кетсек, сейсмологиялық станция 17 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22.05-те жер сілкінісін тіркеген еді. Зілзаланы Алматы тұрғындары екі балл шамасында сезінді. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Алматы қаласынан 368 шақырым жерде Қытай аумағында болды.

Жаңалықтар
0