Оқиға

Қырғызстандық жүргізуші мен оның үш жолаушысы Қазақстан жолында қаза болды

© Photo : Рixabay/Kira Hoffmann Трещины на стекле, архивное фото
Трещины на стекле, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Lada-21070" Самара – Шымкент трассасында жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, басқа көлікпен соқтығысқан

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Самара – Шымкент тасжолында жол апатынан Қырғызстан азаматы мен оның үш жолаушысы қайтыс болды, деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты 16 қаңтарға қараған түні сағат 01.30 шамасында Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауылының маңында жолдың 1170-ші шақырымында болған.

Toyota жүргізушісі жол бойында отырған сатушы әйелдерді қағып кетті - видео

"Lada-21070" көлігінің жүргізушісі, Қырғыз Республикасының азаматы Арал қаласы жақтан Ырғыз ауылына қарай бара жатқан. Ол жол-метеорологиялық жағдайды ескермей, жолдың тайғақ учаскесінде сырғанап кетіп, қарсы жолға шығып, Chevrolet көлігімен соқтығысқан", - делінген хабарламада.

Апат салдарынан "Лада-21070" көлігінің 29 жастағы жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды, тағы бір жолаушы Ырғыз кентінің орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0