Әлем

Шешенстан басшысының қызметін уақытша кім атқаратыны белгілі болды

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуГлава Чеченской Республики Рамзан Кадыров
Глава Чеченской Республики Рамзан Кадыров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Рамзан Қадыров Шешенстан басшысының қызметін уақытша премьер-министр Муслим Хучиев атқаратынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар — Sputnik. Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров өңір басшысы қызметіне уақытша үкімет төрағасы Муслим Хучиевті тағайындады. Ол өзінің уақытша "еңбекке жарамсыз" екенін айтты.

Тиісті жарлық Шешенстан басшысы мен үкіметінің сайтында жарияланған.  

"Шешенстан конституциясының 76-бабына сәйкес, менің уақытша "еңбекке жарамсыздығыма" байланысты Республика басшысының міндетін 2020 жылдың 13 қаңтарынан бастап республика үкіметінің төрағасы Хучиев Муслим атқарады", - деп жазылған құжатта. 

Құжатқа 13 қаңтар күні қол қойылған.

Рамзан Қадыров Шешенстан Республикасын 2007 жылдың сәуір айынан бері басқарады. 

Рамзан Қадыров 1976 жылдың 5 қазанында Шешенстан Республикасының Курчалоев ауданындағы Центарой ауылында дүниеге келген.

Тағы оқыңыз: Путин премьер қызметін кімге ұсынды?

Білімі жоғары, 2004 жылы Махачкала қаржы институтын "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005 жылы "Қаржы және кредит" мамандығы бойынша Махачкала қаржы және құқық институтын бітірді. 2006 жылы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 

2009 жылы полиция генерал-майоры атағын алды.

 

Жаңалықтар
0